Кез келген вакцина өмір бойы қорғай алмайды – Ержан Байтанаев
Кез келген вакцина өмір бойы қорғай алмайды – Ержан Байтанаев
Фото: inbusiness.kz
727
оқылды
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев екпе алу аурудың жеңіл өтуіне септігін тигізетінін айтты, – деп жазады inform.kz. Оның айтуынша, кез келген вакцина адамды өмір бойы аурудан қорғай алмайды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірейді. Ағзадағы антиденелер жойылады. Сол кезде ауруды жұқтырып алу қаупі күшейеді. Вакцина аурудың жеңіл өтуіне, өзге адамдарға жаппай таралудың алдын алуға септігін тигізеді. Сондықтан ресми өкіл Ержан Байтанаев тұрғындарды екпе алуға шақырып отыр. Күні кеше Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны бір-ақ күнде екі есе көбейді.