Астанада лифтіде дәрет сындырған медицина саласының қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
Астанада лифтіде дәрет сындырған медицина саласының қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
784
оқылды
Биыл 14 шілдеде астанада тұрғын үй кешенінде медицина саласының қызметкері лифтіде кіші дәрет сындырған. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады. Сот отырысы барысында құқық бұзушы К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот К.-ны қоғамдық ортада әдепсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабы  1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Сот 5 тәулікке қамауға алу түріндегі жазаны қоғамға теріс әсер ететін әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.