Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің баласы. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен. Белгілі болғандай, 18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.
"Сонымен қатар кешкі сағат 19:30-да сол маңда 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті. Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы" делінген хабарламада.