Карьерді рекультивациялау тоқтамайды
Карьерді рекультивациялау тоқтамайды
911
оқылды
Қазақстан Республи­ка­сының қолданыстағы заңна­маларына сәйкес, биылғы 17 шілде күні «ERG RECYCLING» ЖШС өкілдері Ақтөбе қаласы Астана ауданының жергілікті атқарушы орган­ның, эко-белсенділердің және  қоғамдық экологиялық қозғалыс басшылығының қатысуымен, Сазды және Бауырластар кентінің тұр­ғын­дарымен кездесу өткіз­ген болатын. Онда компания өкілдері осы елді мекендердің іргесіндегі Сазды карьерінің заңсыз бұзылған жер қыртыстарын қалпына келтіру, яки, рекультивация жасау жобасын жүзеге асыру бойынша жоспарларын таныстыра отырып, тұрғындардың барлық сұра­ғына жауап берді. Сол жиында рекультивант ретінде қолданғалы отырған қиыршық шебін тастардың үлгілерін жария етті. «ERG RECYCLING» ЖШС-ның осынау әлеуметтік бастамасы ұзақ жылдардан бері іргесінде бей-берекет шашылған қоқыс үйінділеріне наразы тұр­ғындар тарапынан оң қолдау тапты. Шындығына келгенде, тұрғын үйлерден бірнеше метр жерде орналасқан карьерде ша­шылған қоқыстың арасында тұрмыс­тық қалдықтар ғана емес, биология­лық, медициналық қоқыстар бар. Бұл тұста инфекциялық қатер төніп тұрғаны айдан анық. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы дайындалған хаттамаға қол қойылды. Жалпы карьердің жер аумағы 15 гектарды құрайды. карьер «Компания арнайы жасап шығарылған құжат бойынша қиыршық шебін тастарды тасымалдауға экологиялық эмиссия­лық рұқсат алды. Рекультивация жасау жобасы қадағалау­шы органдарда қаралу және ма­құлдау кезеңінен өтуде. «ERG RECYCLING» компаниясы екін­ші кезекті материалдарды қол­дануда халықаралық озық тә­жірибелерді жүзеге асырып келеді. Минералдық аналогтарынан кем емес экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдарының бір тоннасын компания 200 теңге болатын номиналды бағаға сатып отыр. Материалдың жоғары сапасы сәйкестік сертификатымен және қауіпсіздік талаптарымен нақтыланған. Осы экологиялық таза өнім Сазды ауданындағы бұзылған жерлерді рекультивациялау кезінде қолданылатын болады. Одан бұрын компанияның алдында заңсыз шашылған қоқыстарды тасу және утилизациялау бойынша үлкен жұмыстар тұр. Оларды жинап қана қоймай, іріктеу жұмыстарын да жүргізетін болады. Қоқыстарды шы­ғару жұмыстарын бастап та кеттік. Бірақ, өкі­нішке қарай, жеке бас пайдасының маңыздылығын Сазды және Бауырластар кен­тінің тұр­ғындарының денсаулығынан да жоғары қоятын жауапсыз адам­дардың кедергісіне ұшырап отырмыз», – дейді «ERG RECYCLING» компаниясы өкілдері. Әйтсе де, компания өзінің жоспарлары мен берген уәделерінен бас тартып отырған жоқ. Жоба қадағалаушы органдарда мақұлдаудан өткеннен соң заңсыз карьердің шашылып жатқан аумағына санитарлық тазалау жүргізіліп, рекультиванттарды тасу және абаттандыру жұмыстары басталмақ. Сазды карьерінің бұзылған жерлерін рекультивациялау жобасын жасау кезінде келесі жайттар ес­керілетін болады:
1) сол ауданның табиғи жағ­дайы (климаты, топырақ­ты-өсімдікті жабыны, геологиялық және гидрологиялық жағдайы); 2) ауданды дамыту перспективасы; 3) бұзылған жер аумағының нақты жағдайы, жергілікті жер бедерінің пішіні, табиғи түрдегі шөптің өсу қалыңдығы, топырақ қыртыстарының құнарлы және құнарлы бола алуы мүмкін жерлерінің бар-жоғы, су алып кеткен жерлер, эрозия процестері, лас­тану деңгейі; 4) химиялық және грануламетрикалық құрамының көрсеткіш­тері, агрохимиялық және агро­фи­зикалық қасиеттері, қопарылып жатқан жер жыныс­тарының және олардың шығарылып тасталған аралас қоспаларының инженер­лік-геология­лық сипаттамалары; 5) бұзылған жерлердің орналасқан жерлерінің шаруашы­лық-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары; 6) қоршаған ортаны қорғау талаптары.