53 жүргізуші жалған құжатпен жолаушы тасымалдаған
53 жүргізуші жалған құжатпен жолаушы тасымалдаған
651
оқылды
Соңғы уақытта шет елдерде тіркелген көліктермен облыс және қала арасында жолаушы тасымалы көбейді. Полиция қызметкерлері аталған көліктермен жасалған заңбұзушылықтарды анықтау шараларын үздіксіз жүргізіп келеді. Осы мақсатта облыстық Полиция департаменті  бастығының нұсқауына сәйкес, полиция қызметкерлерімен республикалық маңызы бар жолдарда рейд жұмыстарын жүргізу барысында 53 «Тойота Альфард» және «Тойота Эстима» автокөліктері тоқтатылды. Бұл көліктердің жүргізушілері заңсыз түрде жолаушы тасымалдағаны және көлік құжаттары техникалық нормаларға сай келмейтіндігі анықталған. Көліктердің барлығы айып тұрағына қойылған. Аталған деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері жүргізген «Қауіпсіз жол» айлығы барысында облыс көлемінде 25923 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтаған. Мас күйінде көлік құралын басқарған 95 жүргізуші жауапқа тартылып,  қоғамдық көліктерге қатысты 158 хаттама толтырылған. Қарсы бағытқа шығып кеткені үшін 23 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған. Айып тұрағына 652 автокөлік қойылып отыр.