Ақмола облысында жабайы аңның республикалық тасжолға шығып кетуінен бірден екі жол апаты орын алды. 38 жастағы жүргізуші зардап шекті, - деп жазды POLISIA.KZ Телеграм-арнасы. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Полицейлер анықтағандай, жабайы бұлан республикалық Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолына шығып кеткен. Салдарынан бірден екі автокөлікке механикалық зақым келген, ал олардың бірінің жүргізушісі түрлі жарақатпен емдеу мекемесіне жатқызылды.
Апат 18 қыркүйек күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған.
Қазіргі уақытта Бурабай ауданының полиция бөлімінің анықтаушылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.