Шығыс Қазақстанда хирургтар науқастың өтінен бір уыс тас алды
Шығыс Қазақстанда хирургтар науқастың өтінен бір уыс тас алды
Фото: Денсаулық сақтау басқармасынан алынды
1,220
оқылды
Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханада 56 жастағы науқасқа операция жасаған. Науқас өтіндегі таспен 6 жыл жүрген. Жылдар бойы ол консервативті түрде емделіп, ауырсынуды басатын дәрілерді ішіп келген. Тексеру нәтижесінде, әйелдің өт қабы қатты тартылып, тасқа толып кеткені анықталды. Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдаған. Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия жасалды. Операция барысында микроскопиялық бейнекамера арқылы пациенттің өті ішіндегі тастарымен бірге алынып тасталды. Өттен бір уыс тас шыққан.
«Науқастың жолы болды деуге болады. Себебі, тастар жалпы өт жолына түсіп үлгермеген. Бұл жағдайда оның жағдайы әлдеқайда ауыр болар еді», – деді хирург.
Бұған дейін баланың ішінен бір уыс магнит алып шыққаны туралы жазған болатынбыз.