Жаңа Зеландия Қытайдан келгендерді кіргізбейді
Жаңа Зеландия Қытайдан келгендерді кіргізбейді
© Сурет ғаламтордан
381
оқылды
Жаңа  Зеландия Қытайда саяхатта болған немесе Қытай аумағын басып өткен шетелдікті шекарасынан өткізбейді. Шетелдіктерге қатысты бұл шектеу 3-ақпаннан бастап күшіне енеді.  Бұл туралы елдің премьер-министрі Хасинда Ардерн жексенбі күні хабарлады. Уақытша тыйым 14 күнге созылады. Әзірге бұл елде және Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі аралдарда вирус жұқтыру оқиғасы тіркелмеді. Жаңа Зеландия азаматтары мен елдің тұрғылықты адамдарына бұл тыйым жүрмейді, бірақ олар елге оралған соң өз еркімен 14 күнге оқшаулануы тиіс. Cонымен бірге жексенбі күні Багам аралдары мен  Ямайка елдері де Қытайдан келгендер мен осы елде болғандарды 20 күнге дейін кіргізбеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.