Егін жинау жұмысы екпін алды
Егін жинау жұмысы екпін алды
702
оқылды
Дала төсін дүбірге бөлеген Сыр диқандары егін жинау науқанын қызу қарқында жүргізуде. Егілген өнімді төкпей-шашпай жинап алу қарекетіне көшкен диқан қауымы биылғы науқанда мол өнімге қол жеткізуді межелеп отыр. Жалпы биыл облыста барлығы 188,5 мың гектар жерге ауылшаруашы­лық дақылдары егіліп, егістік көлемі өткен жылмен салыстырғанда 451 гек­тарға артық орындалған. Соның ішінде күріштің көлемі – 78,6 мың гектар. Қазіргі уақытта өңірде 72 мың гектар күрішке орақ салынып, оның 65,4 мың гектары бастырылыпты. Нәтижесінде әр гектардан орташа есеппен 53,5 цен­т­­нер өнім алынуда екен. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл ша­руашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев хабарлады.
«Қазіргі таңда егілген дақылдардан өнім жинап алу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ, күздік бидайдан – 10,2 мың тонна, жаздық бидайдан – 4,2 мың тонна, ал егілген 358 гектар қант құмайынан 1,6 мың тонна өнім алынды. Сонымен қатар, картоп, көкөніс және бақша да­қылдарын жинау жұмыстары да жос­парға сай жүргізілуде. Атап айт­қанда, картоптан – 3,4 мың гектар, кө­көністен – 6,4 мың гектар, бақша да­қылдарынан – 8,8 мың гектар жи­нақ­талды. Ал Сыр елінің басты «брен­ді» саналатын кү­рішке орақ салу 20 тамыздан басталған болатын. Бүгінгі күні 72 мың гектар жерге орақ салы­нып, орылған көлемнің 65,4 мың гек­тары бастырылды. Сыр са­лысы елі­міз­ге ғана емес, алыс-жақын шет мем­лекеттерге де экспортталуда. Биыл 54,8 мың тонна күріш өнімі экс­порт­талып, былтырғы жылмен салыс­тыр­ғанда 148,6 пайызға артты. Облыста егін жи­нау жұмыстары 10 қазаннан ке­шік­тірмей толық аяқтау көзделуде», – деді басқарма басшысының орынбасары Қайратбек Әубәкірұлы.
Сонымен қатар, биыл 60 мың тонна Сыр дәмі әлемнің 20 мемлекетіне эскпортталған. Бұл есепті кезеңмен салыстырғанда 157 пайызды құрады.

Қызылорда облысы