Медицина қызметкерлерінің жалақысы қанша пайызға көтерілетінін білесіз бе?
Медицина қызметкерлерінің жалақысы қанша пайызға көтерілетінін білесіз бе?
© коллаж: Әсел Балтақызы
745
оқылды
Бүгін Парламентте «Ауылдық жердегі денсаулық сақтау: қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Жиында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы  мен Маңғыстау облысының әкімдігіне медицина қызметкерлерінің жалақысы жайында сұрақ қойды.  "Биыл қаңтар айынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау объектілерінде медициналық персоналдан басқа медициналық емес қызметкерлер, атап айтқанда, жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері де бар. Осы жылдан бастап 23%-ға өскеннен кейін жүргізушілердің жалақысы, түнгі кезекшілікті қоса алғанда, сағат нормасы бойынша 85-100 мың теңгені құрайды. Пациенттердің өмірі кейде бүкіл бригаданың, оның ішінде жүргізушінің кәсіби шеберлігіне байланысты. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына ие болуы керек. Бірақ бүгінгі таңда олардың жалақылары төмен және өздерінің жүктемесіне сәйкес келмейді, әрине, мұндай жағдай олардың наразылығын туғызуы заңды құбылыс. Бұған Маңғыстау облысында жуырда болып өткен наразылықтар мысал бола алады. Осыған байланысты, құрметті Ажар Ғиниятқызы, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі қашан қайта қаралады? Осы жөнінде түсіндіруіңізді сұраймын. Екінші сұрағым Маңғыстау облысының әкімдігіне арналады. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушілерімен болған жағдай қалай шешілді және оларға қандай қосымша қолдау шаралары көрсетіледі" – деді Еділ Жаңбыршин.