Бүгін Жезқазған қаласында Қазақстан бойынша жаяу саяхат жасаған атақты қазақстандыққа салтанатты құрмет көрсетілді, дейді Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметі.
72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде бүкіл елді аралап шықты. Ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспийге жетті. Ол барлығы 8000 шақырымды жүріп өтті.
«Бұл шынымен керемет нәтиже! Біздің облыстың барлық тұрғындары БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сізге сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледі. Сіздің бұл ісінің жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Бүгін Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан Сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Сіздің осы ерлігіңіз үшін сізге Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаймыз», - деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.
Қазақмыс компаниясы Сәрсенбай Қотырашовке жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтер сыйға тартты.