Төтеншеліктердің төтенше парызы
Төтеншеліктердің төтенше парызы
972
оқылды
Биыл еліміздің азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 27 жыл толады екен. «Төтеншеліктердің» кәсіби мерекесі де жақындап келеді. Ол 19 қазан – Құтқарушы күні. Осы мерекесі қарсаңында сала тарихы мен тынысына көз жүгіртіп өткенді құп көрдік. өрт Мерекенің шығу тарихы Сонау алғаш құрылған 1995 жылдан бері бүгінгі Төтенше жағдайлар министрлігі көптеген өзгерістерге ұшыраған екен. Президенттің №2541 Жарлығымен Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитеті боп құрылғаннан кейін ол орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру шеңберінде әр жылдарда Агенттік, Министрлік, ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті болып қайта құрылған. Тек 2020 жылы ғана Министрлік дәрежесіне қайта оралды. Әйтсе де, бұл өзгерістерді салаға жасалған реформалар ретінде бағалауға болады. Өйткені нысандық дәрежесі ауысқан сайын ведомствоның құрылымдық бөлімшелері де толығып отырды. Мәселен, алғашқы Мемлекеттік комитетті құру кезеңінде оның құрамында бір ғана Республикалық жедел-құтқару жасағы, Азаматтық қорғаныс пен «Қазселденқорғау» қызметінің бірнеше әскери бөлімдері ғана болса, 1997 жылы оған ІІМ құрамынан шығарылған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қосылды. Ал төтенше жағдайларға әуе көліктерінің көмегімен тиімді деңгейде ден қою үшін 2002 жылы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның аваициялық бөлімшесі құрылды. Бұл Комитеттің ендігісі Агенттікке айналған уақыты болатын. құтқару Ал министрлік мәртебесін алғаш рет ведомство 2004 жылғы қазанда алды. Халықтың өмірі мен денсаулығын құтқару жүйесін одан әрі дамыту, сондай-ақ ТЖ-ға ден қоюға әзірлікті арттыру мақсатында 2007 жылы Апаттар медицинасы орталығы министрлік қарамағына берілді. 2009 жылы суда құтқару міндетін атқаратын коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелер қосылды. 2011 жылы магистральды трассаларындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою, оның ішінде жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл медициналық көмекті дамыту шеңберінде министрлікке 40 трассалық медициналық-құтқару пункттерінің құрылуы жүктеліп, олар үш жылда толық пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2014 жылғы 11 сәуірде «Азаматтық қорғау туралы» заң қабылданды, онда төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласындағы бұрын қолданыста болған алты заңнамалық акті біріктіріліп, жүйелендірілді. Осы 2014 жылы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» №875 Жарлығына сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігі таратылып, өнеркәсіптік қауіпсіздікке, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және дамытуға қатысты мәселелерді қоспағанда, оның функциялары мен өкілеттіктері Ішкі істер министрлігіне берілді. ІІМ құрамында болғанда да ТЖК тікелей міндеттерін босаңсытқан жоқ. Ведомствоға қарасты қызметтер 2015 жылы жедел-құтқару жасақтары болып қайта құрылды. 2019 жылғы жедел-құтқару жасақтары оларды өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметтеріне қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Оған іздестіру, суда құтқару, құрғақта құтқару, өртке қарсы күрес, селден құтқару, авиация, кинология және тағы да басқа қызметтер енді. Бұдан басқа, азаматтық қорғау органдарына алғаш келген азаматтарды бастап- қы даярлауды ұйымдастыру үшін ведомстволық оқу орындары – Көкшетау техникалық институты, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Шымкент қалаларында 4 өңірлік оқу орталығы ашылды. өрт сөндіруші Суға батпайды, отқа жанбайды... Осы 27 жыл ішінде ТЖМ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде қалыптасып болды. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына халықтың, нысандар мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойып отыр. Оларды шешу күн сайын күшейтілген бақылауда тұр. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сынды еліміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне қатер төндірер факторлар профилактикасы ұлттық қауіпсіздікке төнер жүйелік қатерлер қатарында қатаң қарастырылады. Бұл республиканы әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына кіру жөніндегі алға қо- йылған стратегиялық мақсаттарына жақындата түседі. Бүгінде ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру тұрғысындағы мемлекеттік жүйенің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету бағытында салааралық үйлестіруді қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды жүзеге асыруда. Мәселен, Төтенше жағдайлар министрлігі дүлей зілзалалар мен авариялардың салдарын жоюға байланысты қызметтен олардың туындау қатерін басқаруға, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жүйелерге әсерін азайтуға көшкенін атай кеткен жөн. Әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұйым- дастырушылық және құқықтық шаралар қабылдануда. Салынып жатқан және іске қосылатын өнеркәсіптік инфрақұрылымның қауіпті және стратегиялық маңызды объектілерінің аварияға қарсы тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда. Соңғы жылдары республиканың өрт-құтқару бөлімшелерін инновациялық техникалық қайта жарақтандыру бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Заманауи талаптарға жауап беретін түбегейлі жаңа және тиімді өрт сөндіру технологиялары енгізілді. Төтенше жағдайларды жоюға арналған ТЖМ күштерінің тобы өрт сөндіру қызметтерінен, құтқару жасақтарынан, селден қорғау және авиациялық-құтқару күштерінен тұрады. Олар – өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, диспетчерлер мен ұшқыштар және тағы басқалар. Төтеншеліктер күн сайын 200-ге дейін төтенше жағдайларды жоюға және адамдарды құтқаруға шығады. Оның жартысынан астамы өрт пен тұтану оқиғаларына қатысты. Мәселен, жыл басынан бері төтенше жағдай қызметкерлері 61 983 шығу жүзеге асырып, 9 863 адамды құтқарған екен. ТЖ аймағынан 10 627 адамды эвакуациялап, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Биыл 9727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркеліп, онда 1 481 адам зардап шеккен. Азаматтардан шұғыл қызметтердің «112» телефонына 4 901 489, «101» пультіне – 1 143 323 қоңырау түсіпті. құтқарушы Ширек ғасырда елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша да айтарлықтай жұмыс- тар жүргізілді. Олар – заңнамалар қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын сатып алу, Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт сөндіру-құтқару спорты мен халықаралық ынтымақтас- тықты дамыту. Бір сөзбен айтқанда, өрт, су тасқыны, сел, қар көшкіні, зілзала мен теңіздегі апат, тауда құтқару, адасып немесе жоғалып кету, қар құрсауында қалу, суға бату, жол-көлік оқиғасы, техногендік авария бәрін былай қойғанда, ең азы пәтеріңізде кілттеніп қалсаңыз да – «төтеншеліктер» көмекке сақадай-сай. құтқарушылар күні