Қазақстандағы Алжир елшілігі ұлт қайраткерлерін еске алу рәсімін өткізді
Қазақстандағы Алжир елшілігі ұлт қайраткерлерін еске алу рәсімін өткізді
671
оқылды
2022 жылдың 17 қазан күні Қазақстан Республикасындағы Алжир Халық Демократиялық Республикасының Елшілігі 1961 жылдың 17-қазанында Парижде қаза тауып, Сена өзеніне тасталған қайраткерлерін еске алу рәсімін өткізді. Іс-шараға Алжир Халық Демократиялық Республикасының елшісі Камал Финиш мырза қатысты. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты Алжир Халық Демократиялық Республикасының мемлекеттік туы көтерілді және ажал құшқан боздақтарға Фатиха сүресі оқылып, Алжир мемлекетінің тәуелсіздігі жолында шеруге шығып, құрбан болған батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі ұйымдастырылды.