Димаш Құдайберген қатерлі ісіктен көз жұмған тыңдарманына ән арнады (видео)
Димаш Құдайберген қатерлі ісіктен көз жұмған тыңдарманына ән арнады (видео)
Фото: Интернеттен алынды
718
оқылды
Татарстанда концерт берген Димаш Құдайберген онкологиялық дерттен көз жұмған татар қызы Лейсан Сейтназароваға арнап ән шырқады, – деп хабарлайды Татар-информға сілтеме жасаған «Қазақпарат». Димаш Құдайбергеннің Қазан қаласында ARNAU TOUR – 2020 әлемдік турнесі аясында концерті өтті. Димаш кеш барысында орындаған композициялардың бірін бала кезінен онкологиялық сырқатпен күрескен Лейсан Сейтназароваға арнады. Ол Димаштың тыңдарманы болған. 2019 жылы Димаш Құдайберген науқас қыз WorldSkills Kazan шарасының жабылу салтанатына бара алмағандықтан, хосписке арнайы барып, онымен кездескен болатын.   https://youtu.be/hXiesxpRGME «Лейсан өзіне сүйікті орындаушысы келетінін соңғы сәтке дейін білген жоқ. Кейін кездесуді ұйымдастырушылар оның таңғалған күйін жеткізуге сөз таппаған. 21 жастағы Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт айдан соң көз жұмды. Ол оның ең үлкен арманын орындады. Концерт барысында әнші Лейсанды әлі ұмытпағанын айтып, оны «қарындасым» деп еске алды», – деп жазады Татар-информ. ARNAU TOUR  – 2020 әрі қарай Ресейдің Екатеринбург, Латвияның Рига, Украинаның Киев, Германияның Гамбург, Дюссельдорф, Чехияның Прага, Штутгарт, Ресейдің Минск қалаларында жалғасады.