50 жыл отасқан ата-әже ел тыныштығын тіледі
50 жыл отасқан ата-әже ел тыныштығын тіледі
900
оқылды
ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында отау құрғанына 50 жыл толған ата-әже дауыс берді. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұрса, Аса ауылының тұрғыны Қаңғелді Сүгіров 50 жыл бірге отасқан серігімен бірге келіп, таңдауларын жасады. – Бүгін 50 жыл бұрын отау құрған серігіммен бірге №167 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Ең бастысы, ел тыныштығы. Бейбітшілік таңы сөнбесін. Қай үміткер Президент атанса да, халқы үшін аянбай еңбек етсін деп тілеймін, – дейді Қаңгелді Мырзақұлұлы.