Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті. "Қазгидромет" мекемесінің 20 қарашадағы ескертуінің негізінде таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай-ақ 20-21 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар. Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығуға сақ болуды ескертеді.
Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз.
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн, бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қаупі мүмкін екенін білдіреді.
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- Рюкзактарда мына қажет заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторлар артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз.
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.