Атырауда бір ауылдағы үш дүкен ішімдік сатудан бас тартты
Атырауда бір ауылдағы үш дүкен ішімдік сатудан бас тартты
708
оқылды
Атырау қаласындағы Рембаза ауылында орналасқан үш бірдей дүкен иелері бұдан былай алкогольдік ішімдіктер саудасынан түбегейлі бас тартуға шешім қабылдады. Шағын кәсіп иелері осындай қадам арқылы салауатты өмір салтын дәріптеуге үлес қоспақ. Жас ұрпақтың, қоғамның игілігі үшін оң шешім қабылдаған шағын кәсіп иелерін Атырау қаласындағы Әт Тақуа мешітінің имамы Қанағат Муслимов құттықтап, алғыс хат пен діни кітаптар табыс етті. Рембаза ауылындағы «Ай-За», «Мөлдір», «Азамат» азық-түлік дүкендері осылайша көпке үлгі болып отыр.