Мұнайдың бағасы төмендеді
Мұнайдың бағасы төмендеді
5,387
оқылды
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы төмендеді, – деп хабарлады «ҚазАқпарат». Сауда қорытындысы кезінде Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2,9 пайызға құлдырап, барреліне 56,87 доллар болды. Соңғы рет мұнай бағасы 14 ақпанда ғана 57 доллардан төмен болған. Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,4 пайызға төмендеп, баррелі 52,12 доллар болды.