Таразда жаңа туған сәбиді сатпақ болған аурухана қызметкерлері  ұсталды
Таразда жаңа туған сәбиді сатпақ болған аурухана қызметкерлері  ұсталды
Фото: tengrinews.kz
788
оқылды
​Тараз қаласында жаңа туған сәбиді сатпақ болғанда ұсталды. Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы Полиция департаментінің  ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер құрықталып отыр. Ал ең сорақысы жаңа туған нәрестені саудаға салған Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медицина қызметкері болып шықты. Қазір  аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеуді қала прокуратурасы жіті бақылауына алған.

Жамбыл облысы