Тергеу изоляторында отырғандар сайлауда таңдау жасады
Тергеу изоляторында отырғандар сайлауда таңдау жасады
648
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында 13 жабық сайлау учаскесі бар. Солардың бірі – Петропавл қаласындағы тергеу изоляторында орналасқан №656 учаске.    width= Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндағы жұмыс бүгін таңғы сағат 7:00-де Мемлекеттік Әнұраннан басталды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №66 мекемесінде үкімдері әлі заңды күшіне енбеген 165 адам қамауға алынған. Олар бүгін сайлауға қатысуға мүмкіндік алды. Мекеме басшылығы мен қызметкерлері сайлау барысын материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етті. Дауыс берушілер үшін сайлау учаскесінің қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, тиісті қадағалау жүргізілу үшін қажетті жағдай жасалды. Сайлаушылар тізімдері әзірленіп, олар түгел құжаттандырылды. Сондай-ақ, қабырғадағы стендтерде сайлау ережесі мен кандидаттар туралы қажетті ақпарат орналастырылған. Бұл сайлау учаскесінде сағат 10.00-ге дейін дауыс беру толығымен аяқталды. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын кәмелетке толған азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығы бар.

Солтүстік Қазақстан облысы