Жанар Санхаева: Сайлауға жауапкершілікпен қарайтындар көбейсе, популистердің саны азаяды
Жанар Санхаева: Сайлауға жауапкершілікпен қарайтындар көбейсе, популистердің саны азаяды
902
оқылды
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, сарапшы  Жанар Санхаева сайлауға жауапкершілікпен қарайтындар көбейсе, популистер де азаятынын айтты.  Қазір сайлау әлі де қызу өтіп жатыр. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасайды деп сенемін.  Сайлауға жауапкершілікпен қарайтындар көбейсе, популистердің де қарасы азаяды. Екіншіден, сайлауалды заңнамасы бойынша егер депутат халыққа ұсынған ұсыныстарының кейбірін орындай алмаса, сот бір жыл ішінде мандатты кері қайтарып ала алады. Ондай кезде депутат өз қызметін жалғастыра алмайды. Дегенмен бізде аралас сайлау жүйесі екенін  ұмытпауымыз керек. Оның үстіне, Мәжіліс деңгейінде депутаттардың 70 пайызын партиялық тізімнен сайлаймыз. Сондықтан бос сөзбен ұрандатып, қолынан іс келмейтін популистердің депутат болуы екіталай, дейді ол.