«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады
«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады
©azattyq-ruhy.kz
771
оқылды
Байқаушылар елдегі барлық сайлау учаскесінің 3 мыңын, яғни 30 пайызын қамти алды. «BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады. Бұл туралы Azattyq Ruhy хабарлады. Президент сайлауы қарсаңында қоғамдық бастама негізінде ел азаматтары құрған «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы елімізде 2023 жылдың 19 наурызы күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерін қамтитын өңірлік штабтарда бақылаушылық жасады. Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 17 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізілді. Қоғамдық қозғалыс 2022 жылғы кезектен тыс президент сайлауында 27 қалада дауыс беру барысын қадағалау жұмысын сәтті атқарған болатын. Ал биылғы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы сайлау процесін бақылауға араласып, республика бойынша 25 қала мен елдімекенді қамти алды. Сонымен қатар, 5 мыңнан астам бақылаушыны оқытты. Осыған байланысты 2023 жылдың 20 наурызы күні Алматы қаласында «BAQYLA» ҚҚ бастамашылары арнайы баспасөз жиынын өткізді. «Сайлау күні 300-ден астам заңбұзушылық тіркелді. Таңғы 06:00-ден басталған сайлау процесі бақылаушыларға орын бермеу, дауыс беру кабинкаларына екі-үш адамнан кіру, дауыс санау барысына қатыстырмау және хаттама бермеуге тырысу сияқты заңсыздықтар болатын. Бақылаушыларға орын бермей, 100-ге жуық бақылаушы сайлауды тұрып бақылауға мәжбүр болды. Заң бұзу фактілері жайлы ақпараттар әлі де жинақталуда. Бір мандатты жүйемен түскендерге қатысты ақпараттар келуде. Елдегі ақпараттық дүмпу жағынан ең тартысты өткен, ал дауыс берушілер жағынан антирекордтың бірі орнаған сайлауда тәуелсіз бақылаушылар өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқарды», – деді саясаттанушы Асхат Қасенғали. «2023 жылғы Парламент Мәжілісі мен мәслихатына болған сайлау, барлық үміт артқан бастамаларымен, биліктің былтырғы Жолдауда айтылған уәделерінің іс жүзінде орындала бастауымен байланысты. Сайлауға дауыс берушілерден гөрі кандидаттар мен бақылаушылар белсенді әрі көп қатысты. Бұл сайлауда көптен бері болмаған жеті саяси партияның қатысуын бақыладық. Бұл сәйкесінше, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Парламентте пікірлер алуандығын жасақтайтын көппартиялық жүйе мен жеке мандатпен келетін депутаттардың көптеп болуына жағдай туғызу қажеттілігі еді. Аталған саяси өзгерістердің бастамасы жүзеге асырылуда, бұған кешегі сайлаулар куә. Жалпы сайлауға көзі төртеу болып елімізде 90-100 мыңға жуық ерікті тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың заңның аясында таза әрі әділ өтуіне атсалысты. Бұл демократияның жаңа қарлығаштары, әділдік пен адалдықтың қорғаушылары һәм қолдаушылары деп қабылдауымыз керек. Осылайша, сайлаудан-сайлауға қадам басқан сайын саяси мәдениеттілік пен демократиялық ілгерілеу болады. Бұл – заңдылық», – деді саясаттанушы Мақсат Жақау.