Атырауда қыста Жайық өзеніне балық аулауға барған 49 жастағы ер адам мұз ойылып, суға батып кеткен. Екі жарым ай өткен соң құтқарушылар балықшының мәйітін тапты. Бұл туралы Aikyn.kzAtyrauPress-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылар 49 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурызда таңертең сағат 9:30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан тапты.
https://youtu.be/IBI1JYkonRU
Айта кетейік, Атырауда 5 қаңтарда ер адам Жайық өзеніне батып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адамды 16 наурыздан бастап 1 қайықпен 5 құтқарушы қайта іздеуге кірісті.
Күн жылынып, Жайық өзенінде мұз еріген соң батып кеткен адамның туыстары құтқарушыларға іздестіру жұмысын жалғастыру туралы өтініш жазған.