«Мақсатымыз – жас буын арасында қазақ әндерін дәріптеу. Оқушылар көп жағдайда Абайдың әндерін және қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындап жатады. Кейде жиын форматындағы тәрбиелік шаралар нәтиже бермей жатуы мүмкін. Ал мұндай көңілді форматтағы шаралар оқушылардың қазақтың тарихына, танымал тұлғаларына деген қызығушылықтарының артуына себеп болуда», – дейді «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абай Ақмурзиев.Еске сала кетелік, «Зияткер» мамандандырылған мектебі 2021 жылы ашылған. Қазір онда 9-11-сыныптағы 140-қа жуық оқушы білім алуда.
Баян Жанұзақова