Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 4,2 магнитудасымен жер сілкінді.
Түркияда тағы жер сілкінді
2,514
оқылды

Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 4,2 магнитудасымен жер сілкінді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 12.37-де тіркелді. Ошағы Саимбейли ауданында болды. Тереңдігі – 7 шақырым. 

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын зілзала болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Осы табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.