Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан деген ат қойылды
Түркістан облысында тағы да үшем дүниеге келді
1,907
оқылды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны дүниеге үш ұл бла алып келді. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан деген ат қойылды.

 

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болған нәрестелер мерзімінен бұрын туылған.

Үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетті. Қазір балалардың жағдайы тұрақты.

Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.

Бұған дейін екі баласы болған отбасы осылайша көпбалалы отбасыға айналды.