Астанада мұнара краны ауыр жүктен екіге бөлініп, құрылыс алаңына құлап кетті.
Қалалық ТЖД өкілдері хабарлағандай, апатқа шамадан тыс жүктеме себеп болған.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ.
«19 сәуірде сағат 09:25 шамасында «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара краны құлады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.
ТЖД жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын жеткізді.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.