Түркияда Қазақстан азаматына оқ тиіп, жарақат алды. Бұл туралы Aikyn.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға көпқабатты үйлердің арасында болған. Екі адам бір-біріне оқ атқан. Жараланған азамат Ыстамбұлда ауруханада ем алып жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандасымыз Бегалы Тәліпов оқыс оқиғаға кездейсоқ тап болған. Ол 2 жасар қызын емдету үшін Түркияға барған екен. Атыстан отбасы зардап шеккен жоқ.