Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінде Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды. Бұл туралы «Kaznews» ақпараттық порталы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Аталған басылымның дерегінше, Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде де чемпион атанған еді.