Ол өзіне тағылған айыпты мойындамады.
«Халқыма оқ атқан жоқпын»: Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзін айтты
1,663
оқылды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзін айтты, – деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол өзіне тағылған айыпты мойындамады.

"Мен кінәлі емеспін. Халқыма оқ атқан жоқпын, азаптау әрекеті болған жоқ. Жәбірленушілер жоққа шығарды. Бар айтарым – осы", – деді Серік Күдебаев.

28 сәуірде Серік Күдебаевқа сот үкімі шығады.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.

ҰҚК Шекара қызметі 27 наурызда Серік Күдебаевтың Қазақстаннан кеткенін білген. Оны іздестіруге Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 300 қызметкері жұмылдырылған. 27 сәуірде Бас прокурор Берік Асылов Күдебаевтың ұсталғанын растады.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.