«Спорт-Экспресс» алғаш рет барлық ҚХЛ хоккейшісінің, оның ішінде астаналық «Барыс» ойыншыларының жалақысын жариялады, - деп хабарлайды prosports.kz.
278 миллион теңге - астаналық «Барыстың» бір хоккейшісінің жалақысы
1,220
оқылды

Өткен маусымда қазақстандық клубтағы ең көп жалақыны, яғни 50 миллион рубльді (қазіргі курс бойынша 278,73 миллион теңге) Линден Вей мен Никита Михайлис алады.

Алекс Грант 45 млн рубль (250,85 млн теңге) алды, Майкл Шапю — 26 млн рубль (144,94 млн теңге), Крис Биграс, Юлиус Гудачек және Энтони Луис — 25 млн рубльден (139,36 млн теңге), Джесси Грэм — 23 млн рубль (128,21 млн теңге), Джереми Бракко — 22 млн рубль (122,64 млн теңге), Иван Мищенко мен Нельсон Ножье — 18 млн рубльден (100,34 млн теңге), Кирилл Савицкий мен Антон Сагадеев — 13 млн рубльден (72,47 млн теңге) еңбекақы алып жүр.

Сонымен қатар Михаил Григорьев және Кирилл Максимовке — 10 млн рубль (55,75 млн теңге), Әлихан Әсетов пен Егор Шалаповқа — 9 млн рубль (50,17 млн теңге), Никита Бояркинге — 8 млн рубль (44,60 млн теңге), Егор Петухов және Аркадий Шестаковқа — 6 млн рубль (33,45 млн теңге), Самат Данияр, Михаил Рахманов пен Юрий Сергиенкоға — 5 млн рубль (27,87 млн теңге), Әділ Бекетаев, Дмитрий Гурков және Андрей Шутовқа — 4 млн рубльден (22,30 млн теңге), Тамирлан Гайтамировке — 3 млн рубль (16,72 млн теңге) жалақы төленеді.

Тізімге кейбір қазақстандық жас ойыншылар енбегенін айта кетейік.

Олардың қатарында «Барыс» сапында ұзақ ойнаған Аңсар Шайхмедденов пен Дінмұхамед Қайыржан бар.

«Спорт-Экспресс» ақпараты бойынша, хоккейшілердің ең төменгі айлығы – 1 млн рубль (5,57 млн теңге).

Басылым ұсынған лиганың 586 ойыншысы жалпы 11,993 млрд рубль (66,86 млрд теңге) алады.