Ол ресейлік Илона Бондаренкомен кездесіп, жойқын соққыларымен қарсыласын уақытынан бұрын жеңді. Небәрі 13 секундта Ресей спортшысының аяғы аспаннан келеді.
Спортшының жойқын соққылары қарсыласын дәл тапқан. Алматыдағы OCTAGON 44 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде аса жеңіл салмақта бокстан IBA және WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова жеңіске жетті.