Жаңа адамдардар Қазақстан халықтарының достығы күні "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірін безендірді.
Жаңа адамдар "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірін безендірді
1,221
оқылды

 "Даму үшін Бірлік  үдемелі прогресс формуласы, біздің жалпыхалықтық ұранымыз. Біз көзқарастар мен сенімдердегі айырмашылықтарға қарамастан, бір-бірімізді қабылдап, түсінуіміз керек" деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, сонда ғана Әділ Қазақстанды құруға болады.

 Осы өзгермейтін заңдылықты үнемі еске салу ретінде "Жана адамдардың" белсенділері Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай "Бірлік көпірі" мадоннариін құрды. Каллиграф Тамерлан Кияров каллиграфиялық суретте Қазақстанда тұратын 50 этникалық топтың атын біріктірді. 7 метрлік кескін елдегі көпұлтты халықтың әртүрлілігі мен бірлігін білдіретін концентрлі шеңберлерден тұрады. Композицияның ортасында  "Бірлік" және "Ынтымақ" деген Қазақстанның қағидаттарын еске салды.

–  Жаңа арт-объект туристер мен Астана тұрғындарының тартылыс нүктесіне айналады. Сондай-ақ жастардың мәдени, саяси және шығармашылық ағартуына ықпал етеді деп сенеміз. Бейненің ортасына біз "Бірлік" және "Ынтымақ" сөздерін алып, олардың айналысында әртүрлі халық пен этностардың атауын орналастырдық. Айтар ойымыз, бәріміз бірге  бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында өмір сүре аламыз. Сондықтан да мадоннари бізде шеңбер түрінде бейнеленген, – дейді Жаңа адамдар белсендісі Алина Сидоренко.