Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.