Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғып, оңтүстікте көктайғақ болады
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғып, оңтүстікте көктайғақ болады
539
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, елімізде жел күшейіп, қар жауады, боран соғады. Кейбір аймақта тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Қазақстан аумағының көп бөлігіне Мурманск үстінде орналасқан циклон жырасы әсер етеді. Осыған байланысты қар жауады, батыста, солтүстік батыста, солтүстік шығыста және оңтүстікте жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с-ден асып боранмен бірге соғады, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, Қостанай облысында тұман күтіледі. Павлодар облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетеді, кейде одан асып кетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында жел түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, Ақтөбе облысында боран соғады. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.