Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісованың оқырманына жауап берген скринді бөліскен. Онда әнші жеке өмірлеріне қатысты күтпеген мәлімдемелер жасаған. 
"Әйелін басқа еркекпен ұстап алған": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасы туралы шындықты айтты
29,978
оқылды

Желіде әнші Мақпал Жүнісова мен марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы, дизайнер Құралай Нұрқаділова жанжалдасып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісованың оқырманына жауап берген скринді бөліскен. Онда әнші жеке өмірлеріне қатысты күтпеген мәлімдемелер жасаған. 

"Зәкең (Заманбек Нұрқаділов – еск.) әйелін басқа еркекпен ұстап алған. Көзінің тірісінде басқа байда болды ғой. Ол да қашып құтылды. Қызы да бес байға шықты", – дейді Мақпал Жүнісова.  

Желіде Құралай Нұрқаділованың әншіге берген жауабы тарады.

"Тіпті ұяты жоқ ол әйелдің. Үндемей жүруге тырысасың. Бірақ үндемей қалу мүмкін емес. Анам сонша жыл үндемей келді. Жазғаны дұрыс емес. Ол менімен ойнап жүр. Менің мінезімді біледі. Ашуланып кетуім мүмкін. Бекер істеді", – дейді Құралай Нұрқаділова. 

Еске салайық, бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова Мақпал Жүнісовамен арақатынасы туралы айтты. Ол бұл туралы Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әңгімелеген болатын.

Оның сөзінше, Мақпал Жүнісовамен ешқашан хабарласып көрмеген.

"Зәкең барда да сөйлескен адамым емес, шәй ішкен адамым емес. Зәкең өмірден кеткеннен кейін де солай. Біз сөйлеспейміз, араласпаймыз. Өзі хабарласпады. Хабарласпай-ақ қойсын. Оның хабары маған керегі жоқ. Ол маған бөтен адам сияқты. Әңгімелесіп, шаруа шешкен адам емеспіз", – деді ол.