Бала кезінен «Балалардың сал ауруы» диагнозы қойылғанына қарамастан, ол өзінің жанқиярлық еңбегі мен табандылығының арқасында 2015 жылы спорттық бал биінен Қостанай облысының бес дүркін чемпионы болды.
23 жастағы параспортшы қыз қайтыс болды
2,656
оқылды

Қостанайда параспортшы Малика Мұхтарова өмірден озды. Маликаның Instagram-парақшасында спортшыны ақтық сапарға қай жерде және қашан шығаратыны хабарланған.

Малика Мұхтарова небәрі 23 жаста еді. Бала кезінен «Балалардың сал ауруы» диагнозы қойылғанына қарамастан, ол өзінің жанқиярлық еңбегі мен табандылығының арқасында 2015 жылы спорттық бал биінен Қостанай облысының бес дүркін чемпионы болды. 2016 жылдан халықаралық байқауларға қатысты.

2016 жылдың қыркүйегінде ол арбада спорттық биден өткен әлем кубогының қола медалін жеңіп алды. Жарыс Санкт-Петербург қаласында өткен болатын. Сол жылы Малика Тайваньда арбада отырып билеуден Азия чемпионы атанды. Чемпионатта 2 алтын және бір қола медаль еншіледі.

2017 жылдың маусымында ол Қазақстан чемпионы болды. Ал сол жылдың 20-23 қазанында Малика Бельгияда өткен әлем чемпионатында 2 қола медаль иеленді.

Содан кейін де Азия кубогында екі мәрте чемпион болып, әлем кубогында 2 қола бұйырды. 2021 жылы қостанайлық параспортшы Италияда өткен әлем кубогында күміс медальге, ал 2022 жылдың күзінде Словакияда өткен әлем кубогында алтын медальге қол жеткізген еді.