Иесіз қалған сәбиді жолай өткен көліктегі адамдар көріп тоқтаған.
Алматы облысында анасы арбадағы сәбиін иен далаға тастап кеткен
4,255
оқылды

Алматы облысында емізулі сәбиін анасы көпірдің астына қалдырып кеткен, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Иесіз қалған сәбиді жолай өткен көліктегі адамдар көріп тоқтаған. Арбадағы сәби бірнеше сағат далада қараусыз қалған. Қол арбада жатқан сәбидің ата-анасын бірнеше сағат күткенмен, баланың ата-анасы сол қалпы келмеген. Амалы таусылған жүргіншілер тіптен жақын маңайды машинамен жүріп, баланың ата-анасын өздері іздеуге де кірісіпті. Құндақтаулы баланы иен далаға қалдырып кеткен ата-ананы ақыры полиция да іздеуге шыққан.

«Емізулі бала. Жыламайды. Күліп қояды. Мына көпірдің астына қалдырып кеткен ғой. Қалай қорықпайды», – дейді сәбиді тауып алған жігіт.

Оқиға Қарасай ауданының Елтай ауылдық округінде орын алған. Округтің әкімдігі түстен кейін сәбидің анасы табылғанын хабарлады.