Байқоңыр қаласының тұрғыны ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны және ұлына қатыгездік көрсеткені үшін жауапқа тартылады.
Байқоңырда әйел 9 жастағы ұлына қатыгездік танытқан
933
оқылды

45 жастағы әйел 9 жасар баланың анасы бола тұра, бірнеше ай бойы оны тәрбиелеуге байланысты ата-ана міндетін дұрыс орындамаған. Ол баланың тұратын орнында қарапайым гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпеген, оның физикалық, психикалық және моральдық дамуына тиісті көңіл бөлмеген және оған қатыгездік көрсеткен, –  деп хабарлады «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы.

Қала құрамындағы ғарыш айлағы мен қаланы жалға алу шартына байланысты Байқоңыр Ресейдің құзыретінде болғандықтан, онда мұндай әрекет Қылмыстық кодекстің 156-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау және бұл әрекеттің қатыгездікпен үйлесуі») бойынша қарастырылады.

Сондықтан жергілікті құқық қорғау органдары әйелге қатысты осы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірақ бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады және кешен прокуроры оған қатысты қылмыстық істі одан әрі қылмыстық қудалау үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдады, – деп нақтыланды хабарлама.

ҚР қылмыстық заңнамасында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны, оған қатыгездік көрсеткені үшін 40 тәулікке қамауға алу түріндегі ең жоғары жаза көзделген.