Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды.
Демалыс күндері бүкіл өңірде ауа райы бұзылатынын хабарлады
5,925
оқылды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында – найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні – 15-20 м/с.

25-26 маусым күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. 24-26 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. 24-26 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында желдің бағыты батыстан солтүстікке ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында екпіні - 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде - найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде - бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің күші - 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде - найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде - найзағай мен бұршақ. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. 24-Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде - найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында - бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші - 15-20 м/с, күндіз екпіні - 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел қарқыны - 15-20 м/с, кей уақытта 28 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында - найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні - 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда түнде күн күркірейді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада да найзағай жарқылдайды.