Спортшының стористе жариялаған соңғы жазбасы жарияланды.
«Қан бұрқылдамайды, бұл тек су»: марқұм Владимир Седовтың желіде соңғы жазбасы жарияланды
1,670
оқылды

Бүгін 35 жастағы зілтемірші Владимир Седовтың қайтыс болғаны расталды. Спортшының стористе жариялаған соңғы жазбасы жарияланды,   деп жазады nur.kz.

Владимир Седов әлеуметтік желіні белсенді жүргізбеген. Десе де, ол соңғы кездері Instagram-ға түрлі фотолар бөлісіп отырған. Мәселен, ол балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шараға қатысқан. Сондай-ақ Түркістанға саяхат жасап, Қожа-Ахмет Ясауи кесенесінің қасында суретке түскен. Ауыр атлет өзінің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен кездерін желіге жариялаған.

Сонымен қатар 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өткен әлем чемпионатындағы сәттерін бөліскен. Сол жылы Седов әлем чемпионы атанған болатын.

Ал соңғы сторисінде ол 18 жастағы NЮ есімді музыканттың әнінен үзінді келтірген.

«Мен өзгердім, мені танымай қаласыз. Қан бұрқылдамайды, бұл тек су. Жаңа өмір сен мені түсінесің бе», деп жазды Седов.

Алайда IWF спортшыны 8 жылға спорттан шеттетті. Седовтың допинг сынамасынан станозолол табылған еді.