Әлеуметтік желілердің пайдасы мен қауіптерін ұдайы есте ұстау керек. Жастар өздерінің уақытын ұрлаған желінің зиянды әсерін байқамауы да мүмкін.
Интернетте тағы бір бәсеке басталды
1,902
оқылды

Facebook компаниясы Threads деп аталатын жаңа қолданбаны Apple App Store дүкенінде 6 шілдеден бастап сатуға шығармақшы. Жаңа желі Twitter сияқты қолданушыларға қысқа жазбалар қалдыруға, жауап беруге, лайк басуға немесе бөлісуге болатын мәтіндік платформа болады. Financial Times басылымында Илон Маск пен Цукерберг арасындағы тағы бір бәсеке туралы мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz өзінің түсіндірмесінде Meta-ның (Facebook) мақсаты жайлы хабарлайды.

Фото zharamag.com сайтынан алынды

Threads қазақшаға аударғанда «ағындар» деген мағына береді, яғни, хабарламалар ағыны, тасқыны. Жаңа Threads платформасында тақырыптар тікелей Instagram-ға байланыстырылып жасалады және Instagram қолданушылар өздерінің логиндері мен жазылушыларын жаңа желіге оңай тасымалдай алады. «Threads – сізді қызықтыратын тақырыптардан бастап ертеңгі трендке дейін талқылау үшін жиналатын орын», – делінген желінің App Store-да орналасқан сипаттамасында.

Meta-ның жаңа шығарылымы Twitter-ге тікелей сынақ болып тұр. Маск бұл желіне қазан айында 44 миллиард долларға сатып алып, жазбалардың мазмұнына қатысты жауапкершілікті күшейткелі бері көптеген қолданушылар басқа алаңдар іздеуде. Twitter-ге жақында тағайындалған жаңа бас директор Линда Яккарино да қазірше қиындықтармен барынша күресуде.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Trevor Williams

Ал, Марк Цукерберг өзінің Meta компаниясының нарықтағы үлесін көбейту мақсатында бәсекелестері ойлап тапқан құралдарын қайталаумен айналысуда. Snap атты шағын платформада алғаш рет танымал болған бейнеклиптерді көрсетеді, TikTok-қа ұқсас Reels деп аталатын қысқа видеоларды алға жылжытуда.

Екі миллиардердің интернеттегі бәсекесі октагондағы төбелеспен де жалғасуы мүмкін екенін Aikyn.kz жазған еді. Оны мына сілтемеден оқуға болады.

Фото Stakhanovets.ru сайтынан алынды

Әлемдегі барлық әлеуметтік желілер миллиардтаған аудиторияның жеңіл контентке, видеоға қызығушылығын пайдаланып адамдардың миын шайқап (brain washing) табыс табу үшін жұмыс істейді. Табыс көзі мен алгоритмі өте қарапайым. Жастарды қызықтырып миллиондаған қолданушы жинайды, әбден танымал болғанда платформаға жарнамалар орнатылып қыруар қаржы табады. Табыстың көзінен айырылып қалмау үшін интернеттегі желілер өте шебер әрі сезімтал адам жанының қызығушылықтарын қолданады, психологиялық манипуляциялар жасайды. 

Жастарға әлеуметтік желілердің пайдасы мен қауіптерін ұдайы түсіндіру керек. Көпшілік өздерінің уақытын ұрлаған желінің зиянды әсерін байқамауы да мүмкін.

Әлеуметтік желілердің пайдасы. Қазіргі желілер жан-жақты дамуға мүмкіндік береді: қызықты видео көру, музыка тыңдау, кітап оқу, өзін-өзі дамыту, шет тілін үйрену. Желіні достармен қарым-қатынас жасауға, жеке бизнесті дамытуға қолданатындар да бар. Жаңадан ашылған дүкенді, мейрамхананы жарнамалау, жаңа қызмет түрлерін кең ауқымды аудиторияға ұсыну. 

Фото english.newstracklive.com сайтынан алынды

Әлеуметтік желілердің зияны – жазбасының, фото мен видеосының астындағы мақтау сөздерді оқыған сайын жақсы эмоцияны, шабытты сезімді қайта-қайта іздеу, соған ұмтылу адамдарды әлеуметтік желілерге магнит сияқты тарта береді. Адам бірте-бірте желісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді. Оны өзі сезбейді, бар уақытын желіде өткізетінін байқамай қалады. Бұл – психологиялық тәуелділік деп аталатын, өте қауіпті ауру.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: FangXiaNuo

Желілер арқылы ақша табатын компаниялардың басты мақсаты да аудиториясын арзан нәрсемен қызықтыру арқылы өздеріне тәуелді жасау. «Тегін» деген сөздердің астарында қолданушының уақытын ұрлату, өмірлік мақсаттарынан айыру жатқанын көпшілік жастар байқай алмай қалады.

Желілердің пайдасы мен зиянын таразылап қана, уақытты жоспарлап қана бай болуға болатынын замандастар біліп жүрсін деген ниетпен Aikyn.kz жаңа заманда білімді болып, табысты болуға, бай болуға шақырады.