Қайғылы жайт кезінде баланың анасы үйде болған.
Астанада 2 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті
903
оқылды

 Астанада 2 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап, көз жұмған.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, екі жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.

Қайғылы жайт кезінде баланың анасы үйде болған. Ол кішкене балаға айналып кеткенде екі жастағы ұл терезеден құлаған.

Астана қаласының Полиция департаменті баланың терезеден құлауын болдырмау үшін мынадай сақтық шараларын қабылдау қажеттігін айтып отыр:

• балалы үйде терезені ашық ұстамау;

• шыбын тұтатын торға баланы құлаудан сақтайтын қорғаныш деп қарамау;

• бала терезені өз бетімен аша алмайтын арнайы құрылғылар орнату;

• кез келген жиһазды терезеге жақын қоймау.