Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақ футболының ардагері Сейілда Байшақов қайтыс болды
1,134
оқылды

Бүгін, 12 шілдеде «Қайрат» футбол клубының ардагер ойыншысы Сейілда Байшақов дүниеден өтті.

«Сейілда Икрамұлы — қазақ футболының аңызы. “Қайраттың” құрметті ардагері отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосты және XX ғасырдағы Қазақстанның үздік футболисі болды. Ол футбол клубының құрамында 1971-1981 жылдар арасында ойнап, команданың көшбасшысы мен капитаны болды. 10 жыл ішінде 296 матчқа қатысып, 11 гол соқты», – делінген хабарламада.

Сейілда Байшақов карьерасын аяқтаған соң, 1982-1986 аралығында клубта жаттықтырушы болып істеді.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан футбол федерациясында балалар мен жасөспірімдердің футболын дамыту бойынша еңбек етті. Федерацияның вице-президенті, кейін президенті болып қызмет атқарды.