Ата-анасының айтуынша, үлкендердің қарауынсыз қалған сәби үй ауласында ойнап жүріп, абайсызда сірке қышқылын ішіп қойған.
Шымкенттік дәрігерлер сірке суын ішіп қойған бүлдіршінді аман алып қалды
1,092
оқылды

Шымкенттік дәрігерлер сірке қышқылын ішіп қойған сәбиді аман алып қалды.

Оқиға 11 шілде күні болған. Жедел жәрдем қызметі улы сұйықтық ішіп қойған 2 жасар баланы ауыр халде Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізген.

Ата-анасының айтуынша, үлкендердің қарауынсыз қалған сәби үй ауласында ойнап жүріп, абайсызда сірке қышқылын ішіп қойған.

«Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп қалғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала қазіргі уақытта өздігінен тамақтана алады», – делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.