Сәби ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті
771
оқылды

Ақмола облысында 5 жасар бала абайсызда екінші қабаттағы терезеден құлап кетті.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Аршалы ауданында болған. Бұл туралы Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне ауылдық округ фельдшері хабарласып, дәрігерлік амбулаторияға 2018 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған баланың түрлі дене жарақатымен түскенін хабарлаған.

«Белгілі болғандай, бес жасар бала әкесімен үйінде болған. Екінші қабатқа киімін ауыстыру үшін көтерілген. Өз бөлмесінің терезесінен қарамақшы болып, абайсызда құлап кетті», – деді ведомство.

Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Фото: liter.kz