Жалпы, «AMANAT» партиясы 2027 жылға дейін ауылдағы бүкіл тұрмыстық және әлеуметтік инфрақұрылымды қолжетімді ету мақсатында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 триллион теңге бөлуге күш салмақ.
Қожамжар ауылында тозығы жеткен су құбырлары ауыстырылды
873
оқылды

Соның ішінде ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілуге тиіс. Сондықтан  «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі де шет қалмады.

Жергілікті әкімнің айтуынша, құбырлардың орнатылуы осы қыркүйек айында аяқталмақ.

 – Жамбыл ауылын ауызсумен қамту жұмысы осы қыркүйек айының аяғында бітіру жоспарланып отыр. Ауылдағы 41 абонемент, яғни 41 үй суға қосылмақ. Қазір осыған қажетті құралдар уақытында жеткізілсе,  жоспарды да уақытылы орындаймыз. Әзірге жұмыс қызу жүріп жатыр. Негізгі орталық магистраль құрылды. Енді су мұнарасын көтеріп, сутөкпе сорғысын орнатып, құбырды тұрғындардың үйіне тарту ғана қалады. Осы жұмыстың бәріне республикалық бюджеттен 265 миллион теңге бөлінді,  дейді Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің әкімі Серік Тезекбаев.

Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасында әр ауылды, тіпті шекарада жатқан, шалғай және жетуі қиын елді мекендерді елдегі байланыс спутниктерінің көмегімен ауыл-аймақты интернетпен қамтамасыз ету қолға алынған. Осының арқасында Жамбыл ауылындағы ұялы байланыстың мәселесі шешілмек.

– Бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу процесі аяқталды. Енді діңгек орнатылатын болады. Оған жауап беретін мердігер – «Агротэра» ЖШС. Олар қыркүйек айының 15-іне дейін құрылысты бітіретінін айтты. Бірақ осымен бәрі бітпейді. Құрылыс біткеннен соң, мобильді операторларды шақыруымыз тиіс. Сөйтіп, олар өз тарапынан құрылғыларын орнатып, байланысты қосуы тиіс, – деді ауыл әкімі.

Сондай-ақ ауылдағы ескірген, 3-4 жылдай жұмыс істемей тұрған жазғы су құбырлары ауыстырылмақ. Сол үшін арнайы пластикалық құбырлар сатып алынды.

фото:rus.azattyq-ruhy.kz