1 қыркүйек – Білім күні.
Биыл 382 мың бала 1-сыныпқа барады
1,169
оқылды

Биыл 382 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Оның 70 пайызы қазақ тілінде оқиды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көбі Түркістан облысында тіркелген. Жалпы саны 53 мыңнан асады. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы мен Алматы қаласы тұр. 

2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа баратын оқушылар:

Астана қаласы – 28147 

Алматы қаласы – 37171 

Шымкент қаласы – 27764 

Абай облысы – 10793 

Ақмола облысы – 14792 

Ақтөбе облысы – 19871 

Алматы облысы – 38036 

Атырау облысы – 16285 

Шығыс Қазақстан облысы – 11013 

Жамбыл облысы – 24867 

Жетісу облысы – 13768 

Батыс Қазақстан облысы – 13862 

Қарағанды облысы – 18520 

Қостанай облысы – 12808 

Қызылорда облысы – 18651 

Маңғыстау облысы – 20071 

Павлодар облысы – 11909 

Солтүстік Қазақстан облысы – 7745 

Түркістан облысы – 53692 

Ұлытау облысы – 4353.

 

 

 

.