18 жастағы өзбек балуаны қазақстандық қарсыласын қылғындыру әдісімен ұтты.
18 жастағы өзбек файтері қазақ баласын бір минутта жеңді
1,400
оқылды

Қазақстандық ММА шебері Бекзат Болатұлы 18 жастағы өзбек қарсыласынан жеңіліп қалды. Бұл туралы prosports.kz басылымы хабарлады.

Қазақстандық Бекзат Болатұлы мен өзбекстандық Тұрсынбай Анваров арасындағы кездесу Octagon Selection26 турнирі аясында өткен.

18 жастағы өзбек балуаны қазақстандық қарсыласын қылғындыру әдісімен ұтты. Кездесу бір минутқа да жеткен жоқ.

Осылайша, өзбек файтері ережесіз жекпе-жектегі алғашқы жеңісін тойлады. Жанкүйерлер өзбек спортшысының жеңісін ерекше құрметпен қабылдаған.

Фото: prosports.kz