Прокуратура мақсатсыз пайдаланған жерді мемлекетке қайтарды.
Ақмолада 30 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
669
оқылды

Ақмола облысы Бурабай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқабын игермегенін анықтады. 

Талдау нәтижесі бойынша Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде, мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 миллион теңге болатын жайылым кері қайтарылды. Жерді ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Осылайша, аудан аумағында жайылым тапшылығы 50%-ға қысқарды.